Кәсіпқой бокс: Исраил Мадримов Ташкентте жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой бокстың WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов биыл 30 қазанда Ташкент қаласындағы «Хумо Арена» спорт сарайында әзербайжандық Сеймур Исаевпен жекпе-жек өткізеді.
Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясының хабарлауынша, аталған бокс кешінде бұл жекпе-жектен бөлек, бірқатар өзбекстандық танымал былғары қолғап шеберлерінің де шаршы алаңға шығуы бойынша ауқымды келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, былғары қолғап шебері Исраил Мадримов 2024 жылғы наурызда ресейлік Магомед Курбановты бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленген.

Сонымен қатар ол кәсіпқой бокстағы мансабында Теренс Кроуфорд және Вирджил Ортис сынды бокс жұлдыздарымен де тартысты жекпе-жектер өткізді.
Биыл қаңтарда үлкен рингке қайта оралған Мадримов АҚШ-та өткен бокс кешінде доминикандық Луис Давид Салазарды төрешілер шешімімен жеңді.
Оның қарсыласы әзербайжандық Сеймур Исаев солақай боксшы және кәсіпқой рингтегі нокауттарымен танымал. Ол UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған.