Футзал: Өзбекстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Испаниялық бапкер Хосе Мария Мендес денсаулығына байланысты қызметінен кеткеннен кейін федерация ұлттық құрама бас бапкері лауазымына бірқатар отандық және шетелдік үміткерді қарастырды. Зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар негізінде ұлттық футзалымызды жақсы білетін әрі оның дамуына елеулі үлес қосып жүрген Баходир Ахмедов Өзбекстан футзал федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды.
Ташкент облысының Шыршық қаласында дүниеге келген Баходир Ахмедов футзалдағы мансабын «Сплав», «Электрокимёсаноат» және «Солиқчи» командаларында бастаған. Кейін «Юнусобод», «Ардус» және «Строител Зарафшон» клубтарында өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды.
Бапкер ретінде «Максам-Чирчиқ» командасын чемпионат жүлдегерлері қатарына қосса, «Жиззах-Кентекс» клубымен Өзбекстан чемпионы атанды.
Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін бұған дейін де атқарған Баходир Ахмедов Азия кубогында екі рет қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне дейін жетті.
Келісімге сәйкес, Б. Ахмедов 2028 жылғы Азия чемпионаты аяқталғанға дейін Өзбекстан ұлттық құрамасын жаттықтырады.