Филиппиндегі ғимараттың құлауы салдарынан кемінде 4 адам қаза тапты
Филиппиннің Анхелес қаласында салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың құлауы салдарынан кемінде 4 адам қаза тауып, тағы 17 адамның үйінді астында қалған. Құтқарушылар осы уақытқа дейін бетон үйінділерінің астынан 26 адамды аман алып шыққан.
Al Jazeera басылымының хабарлауынша, қаза тапқандардың бірі – көршілес қонақүйде болған малайзиялық турист. Ол ғимарат бөлшектерінің құлауы салдарынан көз жұмған.
Елдің құтқару қызметінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары аса қауіпті жағдайда жүргізілуде. Себебі кез келген қате қимыл бетон блоктарының жылжуына әкеліп, үйінді астындағы адамдардың жағдайын одан әрі ауырлатуы мүмкін.
Осыған байланысты құтқарушылар әзірге жұмыстарды негізінен қолмен және арнайы жылу детекторларының көмегімен жүргізіп жатыр.