Бостандық ауданының көктемгі келбеті
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ташкент облысының Бостандық ауданы қойнауында орналасқан Ақсақ ата сайы – табиғаттың тұмса сұлулығы сақталған, көрген жанды бірден баурап алатын ерекше мекендердің бірі.
Әсіресе көктем келісімен бұл өңір қайта түлеп, құлпырып сала береді: айналаны көмкерген қыраттар жасыл желекке малынып, даланың саф ауасы жаныңды сергітіп, жан дүниеңе өзгеше бір тыныштық сыйлайды. Мұндағы әрбір көрініс – көздің жауын алар көркемдік пен табиғат үйлесімінің шынайы бейнесі іспетті.
[gallery-28488]
суреттерді түсірген О.Мирсоатов, ӨзА