Әзірбайжан Республикасының Президенті Самарқандқа келді

Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін 10 қарашада Самарқандқа келді.
Мәртебелі мейманды халықаралық әуежайда Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Еске сала кетейік, бұл Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің биылғы жылы Өзбекстанға үшінші сапары.
[gallery-9497]
Ильхом Әлиев 2022 жылғы 21 маусымда Президент Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді. Сондай-ақ Әзірбайжан Президенті 15 қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне құрметті қонақ ретінде қатысу үшін Самарқандқа келген болатын.