English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Әзірбайжан Республикасының Президенті Самарқандқа келді
12:49 / 2022-09-15

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына құрметті қонақ ретінде шақырылған Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Өзбекстанға сапармен келді.

Жоғары мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Әзірбайжан басшысы ШЫҰ саммиті аясында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы саяси, сауда-экономикалық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты кездесулерге қатысады.