English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапониядағы «Майсак» дауылы 100 мыңнан астам үйді жарықсыз қалдырды
16:58 / 2020-09-03

Метеорологтардың мәліметінше дауыл қазіргі кезде 45 м/с жылдамдықпен Корей жарты аралына қарай бағыт алған


Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында болған «Майсак» тайфунының салдарынан 117 мың үй жарықсыз қалған.

«NHK» телеарнасының хабарлауынша, Майсак тайфунының салдарынан жаңбыр мен қатты желдің соғуы нәтижесінде Сага, Кумамото және Фукуока префектураларында электр желісінде үзілістер орын алған. Бірақ бір ғана Нагасакидің өзінде 114 мың үй жарықсыз қалғандығы айтылады.

Метеорологтардың мәліметінше дауыл қазіргі кезде 45 м/с жылдамдықпен Корей жарты аралына қарай бағыт алған.