English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жапония Өзбекстанға ақпараттық технологиялар саласын дамытуға қолдау көрсетеді
15:26 / 2019-10-03

Жапонияның ірі коммуникациялық компаниялары мен жаңа инвестиция жобаларын талқылап, оны бірге серіктестік түрде жүзеге асыру көзделген.


2-ші қазан күні Жапонияның астанасы Токио қаласында, Өзбекстанның Ақпараттық технологиялары және коммуникацияларды дамыту министрі Шухрат Содиков, Жапония Ішкі істер және коммуникация мемлекеттік министрі Минору Терада арасында екі жақтық кездесу өтті.

Ондағы кездесудегі негізгі мақсат Жапонияның ірі коммуникациялық компаниялары мен жаңа инвестиция жобаларын талқылап, оны бірге серіктестік түрде жүзеге асыруға бағытталды.

Жапонияның ішкі істер және коммуникациялар министрі Минору Терада Өзбекстанда ақпараттық технологияны дамытуға үлкен назар аударылғандығын және оны қолдайтындығын айтып, жапондық компаниялардың Өзбекстан нарығына деген қызығушылығының күн өткен сайын артып келе жатқаны және бұл екі елді біріктіруші факторларының бірі екенін жеткізген.

Тараптар, ақпараттық технологиялар саласында Өзбекстан мен Жапония арасында ынтымақтастықты нығайтуға және бұл саланы Өзбекстанда дамытуға елдің қауқары жететініне көз жеткізіп, бұл жөнінде барлық кұш-жігерді біріктіріп барынша қолдауға дайын екенін айтқан.