Жаңа Зеландиядағы 51 мұсылманды өлтірген қылмыскер өмір бойына қамалды

2019 жыл Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы мен оған жақын маңдағы мешіттегі мұсылмандарға оқ атқан Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айырылды
2019 жыл Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы мен оған жақын маңдағы мешіттегі мұсылмандарға оқ атқан Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айырылды.
Жаңа Зеландия соты австралиялық терроршыны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол 2019 жыл Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы мен оған жақын маңдағы Линвудта екі мешіттегі жұма намазы кезінде 51 мұсылманды атып өлтіргені және 50 азаматқа түрлі дәрежеде жарақат жеткізгені үшін, ешқашан қамаудан азат етілмейді және ешқандай шартты жазамен азаттыққа шығарылмайтын болады.
«New Zealand Herald» басылымының мәліметінше мұндай сот үкімі ел тарихында алғаш рет қабылданып отыр.