English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстаның мемлекеттік өнер мұражайы реконструкция жұмыстарына байланыста жабылды
09:46 / 2019-06-13

Бұл жайына музей директоры Васила Файзиева «ӨзА» ақпараттық агенттігіне хабарлады.


Бұл жайына музей директоры Васила Файзиева «ӨзА» ақпараттық агенттігіне хабарлады.

Өзбекстанның мемлекеттік өнер мұражайы 1918 жылда құрылған. Бүгінгі таңда мұражайдың жұмыс атқарған ғимараты 1974 жылда пайдалануға тапсырылған. Соңғы жылдары мұражай ғимараты ескіріп, мұражайдағы коллекцияларды сақтаумен оған келген қонақтарға көрсетер жағдай нашар халде болғандықтан, жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Мемлекет басшысының 2017 жыл 31 мамыр айындағы жарлығына сай 2017-2027 жылдар аралығында мемлекеттік мұражайлар қызметін жетілдіру мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша комплекті шаралар бағдарламасы қабылданған.

Осы бағдарламаға байланысты Өзбекстанның мемлекеттік өнер мұражайы ғимаратын қайта қалпына келтіру көзделген. Сонымен бірге музейдің коллекциялары мен заттарын белгіленген тәртіпте сақтау және оны көрсету үшін қосымша бөлмелер құру, ғимараттың сыртқы және ішкі жұмыстарын қайта қалпына келтіру жоспарланған. Бір сөзбен айтқанда мұражайды заманауй барлық талаптарға сай етіп қалпына келтіру көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, мұражай ғимаратының қайта қалпына келтіру жұмыстары бір жыл уақытқа созылатын болғандықтан, осы уақыт аралығында музей уақытша жабық болады.