English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның әскери мергендері Түркиядағы халықаралық жарыста рекорд орнатты
12:11 / 2023-06-10

Түркия Республикасында «Ең озық мерген» байқауы өтті. 13 елден 40-тан астам команда олар қатарында Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің мергендері де қатысты.

«Командо» оқу-жаттығу орталығында өткен «Ең озық мерген» сайысына Испания, Пәкістан, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты оннан астам елдің өкілдері қатыстып, онда Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің екі командасы бақ сынады.

Байқауда 14 шарт сарапқа салынды. Атап айтқанда, «Аралды қайықтар мен мұнаралардан ату арқылы қорғау», «Тікұшақ және жерде соғыс жағдайында жаралыларды эвакуациялау», «Қозғалыстағы нысаналарды тапаншамен жою», «Түнде магниттік азимут бойымен қозғалу» сияқты нақты соғыс жағдайына жақындатылған бірқатар шарттар орындалды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, өзбекстандықтар «Таудан еңіске дейін соғыс жүргізу», «Зақымдалған аймақта противогаз киіп, нысаналарды нысанаға алу» шартында барлық командаларды басып озып, рекордтық нәтижелерге қол жеткізді.

10 күнге созылған жарыста бірінші және үшінші орындарды түрік әскерилері, екінші орынды Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері жеңіп алды.