English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның шетелге атокөлік экспорты артты
12:52 / 2020-11-22

2020 жылдың 10 айында Өзбекстаннан шетелге 127,2 млн АҚШ долларына тең 13310 автомобиль экспортталған.

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, отандық жеңіл автомобильдер экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50,9 миллион долларға немесе 66,8% пайызға артқан. Сыртқы нарыққа шыққан автокөліктердің басым бөлігі Қазақстанға экспортталған (11 048 дана).

Өзбекстаннан жеңіл автокөліктер экспортталған елдер:

  •  Қазақстан - 109,8 млн доллар
  •  Украина - 6,4 млн доллар
  •  Әзірбайжан - 6,2 млн доллар
  •  Ресей - 2,2 млн доллар
  •  Тәжікстан - 1,2 млн доллар
  •  басқа елдер - 1,4 млн доллар

Осы орайда айта кететін тағы бір мәлімет, 2020 жылдың 10 айында Өзбекстанға шетелден 22 228 автокөлік әкелінген болып, олардың импортталған құны 392,8 млн долларды құраған.