English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның әр аймағында кем дегенде бір жекеменшік оқу орны ашылады
10:18 / 2020-10-26

2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Өзбекстанның әр аймағында жекеменшік оқу орны ашылады


2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Өзбекстанның әр аймағында үкіметтік емес немесе мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде кем дегенде бір жоғары оқу орны ашылатын болады.

Жоғары және арнайы орта білім вице-министрі Узокбой Бегикуловтың мәлімдеуінше, Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесі және аймақтық әкімшіліктермен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жаңалық жоғары білім беруде салауатты бәсекелестік ортаны құруға, жоғары біліммен қамту деңгейін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз үздік үштікке енген университеттерге жоғары білім беру кадрларын даярлауда академиялық және қаржылық тәуелсіздік беріледі.