English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның кейінгі жеті жылдағы даму жолы Ресейлік БАҚ назарында
12:17 / 2023-08-10

Ресейдің «Регионы России» журналы «Шавкат Мирзиёев – Өзбекстанның ашықтығы жолында жеті жыл» атты мақала жариялады.

Басылымда Шавкат Мирзиёевтің Президенттікке сайланған алғашқы күндерінен-ақ елдің сыртқы саясатын жандандырғаны және бұл Өзбекстанның халықаралық аренадағы беделін күрт арттырғаны атап өтілген.

«Бүгінде Өзбекстан өз көшбасшысының арқасында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ, Түркия және басқа да елдермен берік серіктестік қарым-қатынаста», - деп жазады журнал. – Тек 2021 жылдың өзінде Өзбекстанның араб әлемі елдерімен сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Араб елдеріне тауар экспорты 25 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраса, импорт 3 пайызға азайған. Республика алтын, мақта, жеміс-көкөніс, тоқыма, химия өнімдері мен металдарды белсенді экспорттауда. Президент Шавкат Мирзиёев 30 жылға жуық келіссөздерден кейін Қырғызстанмен шекара мәселесін толық шешіп, орын алған түсінбеушіліктерді жоя алды». 

Мақалада айтылуынша, Өзбекстан басшысы қызметінің нәтижелері қатарында көлік желісін, энергетика, сумен қамтамасыз етуді, тұрғын үй құрылысын және басқа да салаларды дамытуға бағытталған түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жатқызуға болады. Атап айтқанда, Өзбекстанда көптеген жолдар салынды, әуежайлар, электр желілері, су электр станциялары жаңартылды.

Мақаланың соңында Президенті Шавкат Мирзиёевтің басшылығында Өзбекстан өркендегені, заманауи инфрақұрылымға ие болғаны, дүние жүзінде көптеген одақтастары мен серіктестері бар екені баса айтылған. «Әрине, әлі де атқарылатын жұмыс көп. Бірақ оның дамуына Ел басшысының қосқан үлесі қазірдің өзінде көрініп тұр», - деп жазады «Регионы России».