Өзбекстанның ЖОО-да білім алатын студенттер саны белгілі болды

Өзбекстанның жоғары оқу орындарында қанша студенттер білім алатыны белгілі болды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Өзбекстан Республикасында 154 жоғары оқу орны қызметін жолға қойған.
Комитеттің мәліметінше, 2021/22 оқу жылының басында республикадағы жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны 808 400-ді құраған.
Мұнда студент жігіттер саны 439,4 мың болса, ал қыздардың саны 369 мың екені айтылған.