Өзбекстанның ЖІӨ 80 миллиард доллардан асты

2022 жылы Өзбекстан Республикасының жалпы ішкі өнімі қазіргі бағамен 888,34 триллион сумды құрады.
Статистика агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылы АҚШ долларының сумға қатысты орташа ресми бағамы 11 051,2 сумға тең болды. Сәйкесінше, осы бағам бойынша есептелген ЖІӨ көлемі 80 миллиард 384 миллион долларды құраған.
Дерекке сәйкес, Өзбекстан экономикасы 2022 жылы 5,7 пайызға өскен.
2022 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 24,9 миллион сумға немесе сол кездегі бағамен 2255 долларға жеткен. Бұл ретте бір жыл ішінде тұрақты тұрғындардың орташа саны 35 млн 648 мың адамды құраған.