English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» өткізуге рұқсат етілді
10:02 / 2021-05-25

Бүгін 25-мамыр мектептерде 2020/21 оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шығады. Осыған орай Өзбекстанның барлық мектептерінде «Соңғы қоңырау» мерекелік шараларын өткізуге рұқсат берілді.

Халықтық білім министрлігінің мәліметінше, биыл шамамен 438 мың оқушы орта мектепті бітіреді. Іс-шараны карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізуге рұқсат берілген. 

«Біз ата-аналар мен мектеп әкімшілігінен бұл іс-шараны балаларымыз ұшін жағымды етіп есте қалардай көтеріңкі көңіл-күймен өткізуді сұраймыз. Сонымен қатар, далада әртүрлі қарсылықтарды болдырмау үшін шараны артық шығындарсыз, атап айтқанда: оқушылар арасындағы отбасылық жағдайдағы жағымсыз жағдайға әкеп соғатын түрлі арнайы киімдерге, декорацияларға, сыйлықтарға және т.с.с. көп қаржы жұмсауға жол бермей ортақ келісімде өткізуді сұраймыз», - делінген хабарламада.