English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанның 14 облысында волонтерлік мектептері ашылады
17:13 / 2021-05-26

Жастар ісі жөніндегі агенттіктің директоры Алишер Садуллаев «Ташкенттегі бес бастама» мәдени шарасы аясында жастармен сұхбаттасты.

Әлемдік тенденцияға қарағанда волонтерлік тәжірибесі бар қызметкерлер жақсы жұмыс таба алады. Тағы бір қызық жайт, егерде жұмыс орнында шектеулер болған жағдайда, олар ең алдымен еріктілер тәжірибесі бар кісіні таңдайды. Себебі бұл процеске қатысу барысында мамандар өмірлік дағдыларды - қарым-қатынас жасау, ымыраға келу, жағдайды сезіну қабілеттерін игереген.

Волонтерлік Өзбекстанда жаңа ұғым емес, тек оны бұрын басқаша атаған. Еріктілерге мәдени деңгейін көтеру үшін оларды оқыту қажет. Біз Өзбекстан еріктілер қауымдастығымен бірге еріктілер мектебін ашуды жөн көрдік. Бұл не үшін қажет? Мәселе мынада, волонтерлік - бұл әр адам білуі керек маңызды сала. Шет елдерде еріктілер белгілі бір бағытты, жас мөлшерін немесе дінді таңдамайды. Бұл маңызды әмбебап қозғалыс, қоғамның маңызды элементі, сондықтан оларға кеңістік құру қажет, деген Алишер Садуллаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта университеттер жанынан 30 еріктілер орталығын құру мәселесі талқылануда.

«Өзбекстанның 14 облысында волонтерлік мектептер ашылады. Әр облыста олар үшін материалдық-техникалық базамен жабдықталған жеке кабинет болады. Сондай-ақ еріктілер орталықтарын ашу туралы ұсыныс бар. Қазіргі уақытта университеттерде осындай 30 орталық құру мәселесі талқылануда. Бұл студенттерге бос уақытында, сабақ арасында немесе соңында өз жобаларын талқылау үшін кездесуге мүмкіндік береді », - деді Жастар ісі жөніндегі агенттіктің директоры.