Өзбекстанға Словения үкіметінің делегациясы келеді

2023 жыл 7 ақпанда Словения Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Таня Файон бастаған делегация Өзбекстанға келеді.
СІМ мәліметінше, 7-9 ақпан күндері Словения делегациясы Сыртқы істер министрлігінде және басқа да мемлекеттік ұйымдарда кездесулер өткізіп, Өзбекстан-Словения бизнес форумына қатысады.
Сонымен қатар, Словения СІМ басшысы Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінде болып, профессорлар мен студенттермен кездесу өткізетіні айтылған хабарламада.