Өзбекстанға импортталған кофенің басым бөлігі Италиядан әкелінуде

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстанға әлемнің 48 мемлекетінен 153,3 миллион АҚШ долларына тең 1,1 тонна кофе өнімі импортталды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, кофе өнімдерінің импорт көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49 тоннаға артқан. Өзбекстанға импортталған кофенің басым бөлігі Италиядан әкелінуде.
Статистика бойынша, ең көп кофе өнімі мына елдерден әкелінуде:
- Италия - 41,7 тонна
- Бразилия - 39,3 тонна
- Ресей - 22,2 тонна
- Вьетнам - 22 тонна
- Түркия - 6 тонна
- Беларусь - 4,7 тонна
- Германия - 2,8 тонна
- Колумбия - 2,5 тонна
- Португалия -2,1 тонна кофе сатып алынды.