
Өзбекстандықтар үшін Қазақстан аумағында тіркеусіз болу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды.
Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің хабарына сәйкес, Өзбекстан азаматтарының Қазақстан аумағына кіру, болу және шығу тәртібі өзгерді.
Енді Өзбекстан азаматтары шекарадан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік мерзім ішінде Қазақстанда тіркеусіз жүре алады.
Алайда, жалпы болу мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен, яғни 6 айда 3 реттен кіріп-шығуы және жалпы болу мерзімі 3 айдан аспауы керек.
Бұл жаңа ереже Қазақстанға 2023 жылдың 27 қаңтарынан кейін келген тұлғаларға қатысты.
«Қазақстанға жұмыс істеуге баратын Өзбекстан азаматтары жұмыс берушімен 1 айға еңбек шартын жасасып, оны халыққа қызмет көрсету орталығында тіркегеннен кейін, 3 ай мерзімге рұқсат алған соң немесе әлеуетті жұмыс берушілерге жұмысқа қабылданғаннан кейін жұмыс істеуге болады», делінген хабарламада.