English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандықтар Ресейде 15 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
13:19 / 2022-06-09

Алдағы уақытта Өзбекстандықтар Ресейде 15 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы өткен жылы қол қойылған екіжақты келісім күшіне енді (2021 жылғы 17 маусымда Ташкентте және 2021 жылғы 21 мамырда Мәскеуде қол қойылған). 

Келісімге сәйкес, өзбекстандықтар Ресейде тұратын мекеніне тіркелмей 15 күнге дейін бола алады. Бұрынғы келісімдер бойынша бұл мерзім 7 күн болатын.

Өз кезегінде Ресей азаматтарының Өзбекстанда тіркелмей жүру мерзімі 3 күннен 15 күнге дейін ұзартылды. Уақытша болу мерзімі екі елдің шекаралық бақылау органдары бекіткен күннен бастап есептеледі. Сыртқы істер министрлігі екі елдің азаматтарына өз елдерінің заңнамасын сақтауға және уақтылы құзырлы органдарға тіркелуге кеңес берді.