English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық құтқарушылары үйінді астынан 9 адамды алып шықты
18:41 / 2023-02-08

Түркияға жеткен Өзбекстан ТЖМ бөлімшелері 8 ақпан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша үйінді астынан 9 адам (5 ер және 4 әйел) құтқарды.

ӨР ТЖМ мәліметінше, бүгін, 8 ақпанда таңғы 8:00-ге дейін 132 шаршы аумақта 430 текше метр орын тазартылған және осы жұмыстар аясында 9 адам құтқатырылып, 12 адамның мәйіті шығарылған.

Еске сала кетейік, Өзбекстан ТЖМ бөлімшелері қазіргі уақытта Түркияның Хатай провинциясындағы аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 7 мыңнан асқан. Сирияда осы уақытқа дейін 2 мыңға жуық адамның қаза тапқаны расталды.