English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық танымал киноактер Абдурайим Абдувахобов қайтыс болды
11:01 / 2020-07-14

Ол Өзбекстандық халық арсында «Шум бола» (сұм бала) атты кинодағы орбразымен танылып, бұл кейіпкер оның өмірлік серігіне айналды


Өзбекстандық танымал кино және театр актері Абдурайим Абдувахобов 57 жасында қайтыс болды.

Ол Өзбекстандық халық арсында, жазушы Ғафур Ғуламның повесі желісімен таспаланған режиссер Дамир Салимовтың «Шум бола» (сұм бала) атты киносындағы образымен танылып, бұл кейіпкер оның өмірлік серігіне айналды. Көпшілік оның есімін білмей тұрса да «Шум бола» деп танитын. Кейіннен Мелис Абзаловтың «Сүйінші» фильімінде 10 балалы үйдің ең үлкені «Абдулла» есімді жігіт рөлінде көрініс берді. Мұнда да актер өз образын жоғары деңгейде көрсете алды.

Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Достық орденінің иегері Абдурайим Абдувахобов шығармашылық кезеңінде көптеген фильмдер мен сериялдарда түрлі кейіпкер ретінде көрініс беріп, Өзбек Ұлттық академиялық драма театрында бірқатар спектаклдерде ұмытылмас образдарды сомдаған.