English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандық студент жігіт Азия «Нобель» сыйлығын иеленді
10:42 / 2019-10-19

Азамат қазірде Мәскеу мемлекеттік басқару институтының 1 курс студенті


Хорезм облысында туған, қазірде Мәскеу мемлекеттік басқару институтының 1 курс студенті Бабур Эгамбердиев «Мира Гузи» (Азиядағы Нобельдің балама сыйлығы) марапатына ие болды.


Бұл сыйлық Азиядағы Нобельдің балама сыйлығы ретінде танылып, 2002 жылы Филиппинде жарияланған. Бұл марапат жеке тұлғаға немесе мәлім бір топқа адамның қадір-қасиетін, әлемдегі бейбітшілікті және ғылымдағы жетістіктерді насихаттауға қосқан үлесі үшін беріліп келеді.

Жыл сайын мыңдаған жандар арасынан 10-15 кісге ғана бұйырар осы сыйлыққа Өзбекстандықтың да лайық деп табылғаны қуанышты хабар. Өйткені биылғы марапат иелері қатарында Орта Азиядан Бабыр ғана іліккен екен. Қалған лауреаттар Ұлы Британия, Израиль, Малайзия, Үндістан, Бельгия сынды елдер азаматтары.

Бабур Эгамбердиев өмірінен қысқаша мәлімет айтар болсақ, ол 2000 жыл Хорезм облысы Үргенш ауданында туып, 2003 – 2013 жылдар аралығында Украинаның Житомир қаласында жасаған. Сосын 2013 жылы отбасымен қайта Өзбекстанға оралған. 2019 жылы Үргенш кәсіптік колледжін аяқтап, қазірде Мәскеу мемлекеттік басқару институтының 1 курс студенті. Бабур түрік, орыс, поляк, араб, татар тілдерін еркін меңгерген.

Марапаттау салтанаты 27-ші қарашада Филиппинде өтеді.