Өзбекстандағы вакцина қоры 69,7 миллион дозадан асты

Өзбекстан аумағында коронавирусқа қарсы өндірілген және шетелден әкелінген вакцина көлемі 69,7 млн дозадан асты.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикада коронавирусқа қарсы вакцинация процедураларында қолдану үшін 6 172 770 дозалы ZF-UZ-VAC2001 вакцина табысталды.
Осылайша, республикадағы вакцинациялау процесінде қолданылатын вакцинаның жалпы көлемі 69 751 323 дозаны құрады.
Жалп елде қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы 7 препарат тіркеуден өткен болып, вакциналардың үлесі мынадай:
- 1 341 790 доза - Спутник V,
- 2 606 080 доза - AstraZeneca,
- 48 169 038 доза - ZF-UZ-VAC2001,
- 10 688 860 доза - Moderna,
- 4 626 180 доза - Pfizer/BioNTech,
- 1 976 000 доза - Sinovac,
- 343 375 доза - Sputnik Light вакцинасы.
Бүгінге дейін республикада жалпы 53 млн доза вакцина қолданылған. Қазіргі кезде республикада коронавирус инфекциясына қарсы 16 200 865 доза вакцина қоры бар.