English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығына 30 жыл
18:22 / 2022-06-09

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының құрылғанына 30 жыл толды.

Осы мерейлі датаға орай Ташкент қаласындағы М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде орталықтың 30 жылдығына арналған «Өзбекстан қазақтары: экономика, ғылым және мәдениет» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» ҚеАҚ басшысы Абзал Сапарбеков бастаған делегация өкілдері мен Қазақстандағы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталықтың облыстардағы филиал басшылары және екі елдің бауырластығының ұлғайуына, дамуына, өркендеуіне, достығының нығайуына үлес қосып кележатқан азаматтар қатысты.

Өзбекстандағы ең ірі орталықтардың бірі – Қазақ ұлттық мәдени орталығы 1992 жылы құрылған болып, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап «Өзбекстан – ортақ үйіміз» ұранындағы мемлекеттік саясаттың негізі болып табылатын толеранттылықты жүзеге асыруға лайықты үлес қосып, барлық жақтан еркін және барлық ұлттық құндылықтарды толық бейнелеп келеді. 

[gallery-7513]

Орталық пен оның облыстық және аудандық филиалдары жергілікті жерлерде кең көлемде жұмыс істейді. Бауырлас өзбек және қазақ халықтарының мәңгілік достығы мен тығыз ынтымақтастығын одан әрі дамыту, халықтарымыздың әдеби-мәдени, рухани-ағартушылық байланыстарын арттыру мақсатында көптеген мәдени-танымдық шаралар өткізілуде.

Конференцияда «Шет елдермен достық қарым-қатынастағы қандастар рөлі», «Өзбекстан қазақтарының этнографиясы» және басқа да тақырыптарда баяндама тыңдалды.