Өзбекстанда жаңа геологиялық жүйе құрылуда

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев геология саласындағы жұмыстардың тиімділігі туралы презентациямен танысты
27 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев геология саласындағы жұмыстардың тиімділігі туралы презентациямен танысты.
Елдегі геология саласындағы жұмыстардың тиімділігі туралы презентациямен танысу барысында Мемлекет басшысы: - Өзбекстанда жаңа геологиялық жүйе құрылуда. Оны дамытудың мақсаты - табиғи ресурстарды халқымыздың мүддесіне бағыттау, жұмыс орындарын құру және адамдарды байыту, - деді.
Ең алдымен ол үшін, геология ғылымын қалпына келтіруге және заманауи кадрларды дайындауға мүмкіндік жасау. Сондықтан, геологиялық ғылымдар университеті құрылып, оның құрамына 4 ғылыми-зерттеу институттары біріктірілді.
Келес кезекте заманауи бұрғылау және зертханалық жабдықтар әкелініп, нәтижесінде бұрғылау өнімділігі 2019 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсті. Рудадағы элементтерді анықтау шкаласы 40-тан 63-ке дейін артты.
Жыл басынан бері 150 жаңа кен мемлекет балансына алынып, алтын, күміс, уран, мыс, молибден қорлары мен ресурстары көбейді. Атап айтқанда, Бұхара және Науаиы облыстарындағы Кулжуктов және Ауминзотов тауларында 3 алтын кен орны, Самарқанд облысының Каттакурган ауданында және Жыззақ облысының Арнасай ауданында 2 уран кен орны табылды.
Мемлекет басшысы келесі жылы геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтудың, жаңа перспективалы бағыттарды анықтаудың және салаға заманауи зертханалық жабдықтарды енгізуді жеделдетудің маңыздылығын айтып, Геология комитетіне өнеркәсіптік кооперация негізінде жаңа кен орындарын іздеу және табылған ресурстарды жеке секторға беру тәжірибесін қолдану тапсырылды.
Сондай-ақ, Наманганның тәжірибесіне сүйене отырып әр аймақта геологиялық, әсіресе гидрогеологиялық, барлау жұмыстарына тұрақты экспедициялар ұйымдастыру қажет екендігі айтылды.
