Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Алдыңғы аптада Өзбекстан аумағындағы болған өзекті оқиғалар жайында қысқаша айтар болсақ, Мемлекет басшысы 1-ші қазан Ұстаздар мен мұғалімдер күніне орай Өзбекстандағы барша оқытушыларды құттықтап, оларға жұмыстарында сәттілік пен табыстар тіледі.



Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Федералды Мәжілісі Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенконы қабылдап, екіжақты қатынастардың мәселелерін, сондай-ақ екі ел парламенттерінің жоғары деңгейдегі келісімдерді іске асыру жайын талқылады.

Ташкентте «Қазақстан өнері» атты Қазақ елінің суретшілері көрмесі өтіп, көрме экспозициясында Қазақстан суретшілерінің, жалпы 38 автордың 111 шығармасы Ташкенттік сурет сүйер қауымға ұсынылды.

Апта соңында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің кәсіпкерлері Ташкентте бас қосуы мен Іскерлік кеңесі Инвестициялық және бизнес форумы өтті.
