Өзбекстанда волонтерлық қызмет көрсетудің заңнамалық негіздері белгіленді

Еріктілердің жасы 18 жасқа толған жағдайда ғана өз қызмет ұсына алады.
Қоршаған орта мен қамқорлыққа мұқтаж жандарға ерікті түрде қол ұшын беріп, қызметіне ақы сұрамайтын жандардың саны қазіргі таңда бүкіл әлемде күн санап өсіп келеді. Солар қатарында өз көмегін ерікті түрде пайдалы да сауапты тірлікке ұсынуға нетті жандар Өзбекстан аумағында да жақсы даму үстінде.
Ал, олардың қызметіне заңнамалық негіз енгізу мақсатында Өзбекстанда «Волонтерлық қызмет көрсету» жайлы Президент жарлығы қабылданды. Жарлыққа байланыст еріктілер келесідей бағытта қызмет көрсете алады.
Заң жүзінде белгіленген тәртіп бойынша волонтерлар, «жеке тәртіптегі еріктілер қызметі», «волонтерлар тобындағы құрамда қызмет көрсету» мен «осы ұйым арқылы қызмет көрсету» мүмкіндігіне ие болып, еріктілердің жасы 18 жасқа толған жағдайда ғана өз қызметін ұсына алады.
Волонтерлар қызметін ұйымдастырушы ерікті жандармен жұмыс істеуде бір ай ішінде 20 сағаттан көп уақыт қызмет істетер болса, ол еріктімен келісім шарт түзуі міндетті болып, оларға арнайы киім-бас беріп, жол ақысын төлеуге және тамақ, жатақпен қамтамасыз ететін болады.