Өзбекстанда өткен тәулікте 61 жан індет жұқтырып 139 азамат сауығып шықты

Өзбекстанда 23 қараша күнгі жағдай бойынша тәулік бойы 61 азамат корнавирус жұқтырып, жалпы статистика бойынша елдегі covid-19 расталған көрсеткіш 71 774-ке жеткен.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша республикада өткен тәулікте 135 науқас емделіп шыққан. Қазірде сауыққандар қатары 69 054 кісіні құрауда.
Дәл осы күнгі жағдай бойынша коронавирус ауруын жұқтырғандар арасында 1 науқастың өлімі тіркеліп, өлім саны бойынша жалпы көрсеткіш 604-ке жеткен.
Қазіргі уақытта республикада 2116 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.