English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда телемедицина саласы енгізілуі мүмкін
13:49 / 2021-06-15

Өзбекстанда телемедицина саласы енгізілуі мүмкін. Бұл тұрғыдан Үндістан 400 мың доллар тұратын телемедицина жобасы бойынша ынтымақтастық ұсынын білдірген.

Инвестициялар және сауда министрлігінің баспасөз қызметінің хабарынша, 10 маусымда министрлігі жанындағы Ұлттық инновациялар және технологиялар трансфері Өзбекстан Республикасының Үндістандағы елшілігінің қолдауымен Өзбекстанда жаңа технологияларды трансферттеу және локализациялау бойынша Үндістанмен онлайн-кездесу өтті.

Кездесуде Үндістан жағы онлайн телемедицина платформасын ұсынып, олар телемедицина саласында дайын жоба бойынша 400 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды ұсынын білдірген. 

Ұсынылған жоба жерігілікті тұрғындарды Өзбекстан аумағынан шықпай-ақ жергілікті және ең мықты шетелдік мамандардан қажетті кеңестер алуға мүмкіндік беріп, науқастардың уақыты мен ақшасын үнемдейтін болады. Қазіргі уақытта бұл платформа Үндістанда негізінен жеке секторда кеңінен қолданылатын болып, ынтымақтастық аясында Испания, Мексика, Сингапур, Непал сияқты елдерде платформа жолға қойылған.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Үндістан арасында жаңа технологиялар трансферін дамыту, сондай-ақ осы телемедицина жобасы бойынша тиісті мамандар және сарапшылар кездесуін ұйымдастыруға келісіді. Үндістандық өкілдер осы салалардағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін Өзбекстанға баруға ниет білдірді.