English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда тағы бес азаматта коронавирус індеті анықталып, аурулар саны 23-ке жетті
11:37 / 2020-03-19

Өзбекстанға коронавирустың кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған


ДСМ-ның соңғы хабарынша ең алғашқы Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келу дерегі Франциядан келген әйел азаматтан анықталған болып, ол күйеуі, екі баласы, небересі мен бір тусықанынан басқа тағы үш адамға жұқтырғаны белгілі болған еді.

Тексеріс нәтижесінде осы азаматтың тағы үш туысқанында коронавирус жұқтырғандығы тіркеліп, сонымен қатар төртіншісі 14 наурызда Лондон-Ташкент бағытындағы әуе рейсімен келген азаматтан анықталса, бесінші белгі 15 наурыз күні Стамбул-Ташкент рейсінде келген өзбекстандықта анықталған.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда жалпы коронавирус індетін жұқтырғандар саны 23 адамға жетті.

Өзбекстанға коронавирустың кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған:

Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (12 адам)

Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген (4 адам)

Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (6 адам)

Төртінші – 17 наурызда Дубай - Ташкент рейсі арқылы (1 адам)