Өзбекстанда «Статистика» интеграцияланған порталы іске қосылды

Өзбекстанда «Статистика» интеграцияланған порталы әзірленіп, тест режимінде іске қосылды.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, бұл портал ресми статистикалық деректерді қолданушыларға ыңғайлы түрде ұсыну мақсатында құрылған. Ол халықаралық ұйымдар ұсынған ақпарат пен метадеректерді электронды алмасуға арналған СДМХ стандартының талаптарын ескере отырып әзірленген.
Порталда 1 мыңнан астам ресми статистикалық көрсеткіштер орналастырылған. Пайдаланушыларға қолайлылық жасау мақсатында статистикалық көрсеткіштерді 5 түрлі форматта жүктеп алып, интеграция арқылы жүйеге қосуға болады.