English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда ресми жұмыссыздық деңгейі 9,6 пайызды құрады
12:40 / 2022-03-08

Өзбекстанда 2022 жыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша ресми жұмыссыздық деңгейі 9,6 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту және еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға азайған.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек ресурстарының саны 19,3 млн кісіні құраған. 2020 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыз немесе 202,6 мың адамға өскен. Экономика салаларындағы қызметкерлер саны 13,5 миллионды құрап, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,3 пайызға өскені (299,3 мың адам) байқалған.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ресми сектордағы халық саны 6,1 млн кісіге жетсе, 2020 жыл бұл көрсеткіш 314,8 мың адамға аз болған.

Бейресми секторда жұмыс істейтіндер саны 5,8 миллионды құрады.  2021 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 1,0% немесе 58,4 мың адамға азайған.

Зерттеу нәтижелері бойынша жұмысқа мұқтаж адамдардың жалпы саны 1,4 млн адамды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 9,6 пайызды құрады. 16-30 жас аралығындағы жұмыссыздық деңгейі 15,1 пайыз. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 13,3 пайызды көрсетті.