English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Ресей «Миграция орталығы» өкілдігі ашылады
17:10 / 2020-11-21

Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Әмбебап миграция орталығы» мемлекеттік бюджеттік ұйымының («Көші-қон орталығы») өкілдігін ашуды талқылау мақсатында аталған ұйымның басшылығы Өзбекстанға келге келді.

Сыртқы еңбек көші-қон агенттігінің хабарлауынша, сапар барысында «Миграция орталығы» мемлекеттік бюджеттік ұйымының бас директоры Сергей Балдин және басқалар Ташкенттегі «Ишга Мархамат» моно-орталығының қызметімен танысып, Ресей «Миграция орталығы» өкілдігі ашу жөнінде Өзбекстан Сыртқы еңбек көші-қон агенттігі басшылығымен келіссөздер өткізді. 

Келіссөздер нәтижесіне орай,  алдағы уақытта жұмыс бастайтын атаулы орталық өкілдігі келесі қызмет түрлерімен айналысатын болады:

  • Ресейде жұмыс істеуге ниетті азаматтардың осы елге кіруіне тыйым салынғандығын тексереді;
  • Патент алуға құжаттар дайындауға толықтай көмектеседі;
  • Сыртқы еңбек көші-қон агенттігі мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты орнатуда оператор жұмысын атқарады.