Өзбекстанда қылмыстық жауапкершілікке тартудың ең төменгі жасы 14 жас боп белгіленді

«Бала құқықтарына кепілдік беру жүйесін одан әрі жетілдіруге байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, түзетулер 13 жастан асқан тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін жойды.
Бұрған дейін, жасы 13-тен асқан азаматтар жазаны ауырлататын жағдайларда қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.
Ендігі жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту 14 жастан басталады.
16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас материалдық құндылықтарды немесе мүліктік мүдделерді беру арқылы жасалған кезде жаза ауырлататын мән-жай деп белгіленді.
Қаулыға сәйкес, кәмелетке толмаған куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде педагогпен қатар психолог қатысуы керек.