English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда қай вакцинамен қанша адамға екпе жасалғаны айтылды
10:18 / 2021-05-27

2021 жылдың 1 сәуірінен бастау алған вакцинация аясында Өзбекстанда үш түрлі препарат қолданылуда.

Коронавирусқа қарсы күрес штабы мүшесі Ботир Қурбановтың мәліметінше, 25 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстандағы вакцина алғандардың 62,5 пайызы (шамамен 757,874) өзбек-қытай мамандарының өнімі ZF-UZ-VAC2001, 34 пайызы (шамамен 412,283) AstraZeneca және 3,5 пайызы (шамамен 42,440) Спутник V препаратымен вакциналанған.

Спутник V және AstraZeneca вакцинасы екі рет, ZF-UZ-VAC2001 препараты үш рет егілгенде азаматтар толық емделген болып табылады.