English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Ораза айт мерекесі 2 мамырда аталып өтіледі
12:33 / 2022-05-01

2022 жыл Өзбекстанда Ораза айт мерекесін тойлау туралы Мемлекет басшысының қаулысы қабылданды.

«Биыл Ораза айттың бірінші күні 2 мамыр – дүйсенбі күніне тура келетіні турасында Өзбекстан Мұсылмандары басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімін ескере отырып, 2022 жыл 2 мамыр күні Өзбекстанда Ораза айт мерекесі кеңінен атап өтіледі», — делінген Президент жарлығында.

Сонымен қатар, Туризм және мәдени мұра министрлігі Көлік министрлігімен бірлесе отырып, қасиетті Рамазан айында отандастарымыздың киелі орындар мен тарихи мекендерге зиярат жасауын ұйымдастыруға қолайлы жағдай мен мүмкіндіктер жасауы қажет екендігі айтылған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қол қойған 131-санды Жарлыққа сәйкес, 2022 жылы қосымша демалыс күндерін белгілейтін Президент Жарлығына өзгерістер енгізіліп, 2022 жылдың 3-4 мамыры аптасына 6 күн жұмыс істейтінтіндер үшін қосымша демалыс күні болып белгіленді.