English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда Наурыз мерекесі жоғары деңгейде өтеді
17:52 / 2020-03-13

Наурыз мерекесіне орай Ташкентте өтуі жоспарланған марафон өтпейді


Дәл қазіргі уақытта әлемге кең құлаш жайған коронавирусқа байланысты көптеген елдерде көп адам шоғырланатын салтанатты кештер мен мерекелік шаралар тоқтатылуда.

Ал бүгін Өзбекстан Үкіметі осы жағдайға байланысты наурыз мерекесін өткізу мен оған дайындықты пысықтау және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бейнеконференциялы жиын өткізді. 

Онда, Президент Шавкат Мирзияевтің 2020 жыл 3 наурызда шыққан қаулысында айтылғандай «Наурызың – жаңа күн, жаңа дәуренің құтты болғай, ғазиз Өзбекстан!» атты ұранмен Наурыз мерекесі Өзбекстанда жоғары деңгейде аталып өтеді.

Сонымен қатар негізгі мерекелер және көпшілік шоғырланар орталарда COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау үшін тиісті профилактикалық шаралар қабылданып, медициналық бақылау күшейтіледі. Сондай-ақ, осы жұқпалы инфекцияны ескере отырып, қауіпсіздік мақсатында шетел қонақтарының қатысуымен өтетін бірқатар ішкі және халықаралық шаралар тоқтатылады.

Наурыз мерекесіне орай Ташкентте өтуі жоспарланған марафон, 31 наурыз бен 1 сәуір күндері Хиуада «2020 жыл Хиуа түркі әлемінің мәдениет астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты мен 14-16 сәуірде «Бұхара қаласы - ислам әлемі мәдениет астанасы» деп жариялау шарасы да өтпейтін болған.