Өзбекстанда мешіттерде жұма намазын оқу мен барлық діни ғибадаттар уақытша тоқтатылды

Бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирус індеті тіркелгендігіне орай ел аумағында көптеген адам топталып өтетін шашалар шектелген
Дін істері комитетінің хабарлауынша 16 наурыздан бастап Өзбекстанда жарияланған карантин кезеңінде барлық діни ұйымдарда, соның ішінде мешіттерде, шіркеулер мен ғибадатханаларда, діни оқу орындарында, медреселерде, семинарияларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне орай барлық діни ғибадаттар уақытша тоқтатылды.
Сондықтан қоғамдық ортада көптеп шоғырлану арқылы өтетін ғибадат шаралардың барлығына уақытша шектеу қойылып, азаматтар өз парызын үйлерінде өтеуі керектігі жайлы Дін істер комитеті қаулы шығарған.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда коронавирус індеті тіркелгендігіне орай ел аумағында көптеген адам топталып өтетін шашалар шектелген.