English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавируске байланысты бақылауға алынғандар саны 724-ке жетті
10:43 / 2020-02-07

Қытайдың Бейжің қаласының екі орталығынан және коронавирустың қайнар ошағы Ухань қаласынан арнайы үш чартерлік рейсте азаматтар алып келінді


Қытайда тараған коронавирусқа байланысты сол аймақтан Өзбекстан аумағына келіп карантиндік ортаға орналасқан азаматтар саны 724-ке жеткен.

Санитарлық-эпидемиологиялық агенттігі қасынан ашылған коронавирусқа қарсы эпидемияның орталық штабы хабарлауынша, 4-6 ақпан аралығында Қытайдың Бейжің қаласының екі орталығынан және коронавирустың қайнар ошағы Ухань қаласынан арнайы үш чартерлік рейсте 584 Өзбекстан азаматтары алып келінген. Қазірде бұл азаматтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша арнайы дайындалған мекемелерге орналастырылған және 14 күн бойы медициналық бақылауда (аурудың жасырын кезеңінде) болады. онда азаматтар үшін арнайы жасалған нысандарда барлық жағдай жасалған.

Жалпы Қытайдан келген 2912 азаматты эпидемиялық бақылаудан өткізген, олар арасынан 2188-і аурудың жасырын мерзімінен толық төтіп тексеру нәтижелері бойынша олардан коронавирустың белгілері анықталмаған.