Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2000-нан асты

30 сәуірден бастап ел аумағындағы жарияланған карантинді біртіндеп жеңілдету шаралары орын алады
Республикада 29 сәуір тәуліктік көрсеткіш бойынша тағы 63 науқас тіркелді.
ДСМ-нің хабарлауынша 29 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен ел аумағында 63 коронавирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, жалпы науқастар саны 2002 кісіге жеткен. Сондай-ақ аурудан сауығып жалпы емделгендер 1096-ға жетіп, бүгінге дейін қаза болғандық 8 жағдай расталған.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда коронавирустық індетінің алғашқы жағдайы 15 наурыз күні Ташкентте тіркеліп, ел аумағындағы барлық ауқымды шаралар мен салтанатты кештер тоқтатылды. Республикалық арнайы комиссияның шешімі мен 30 сәуірден бастап ел аумағындағы жарияланған карантинді біртіндеп жеңілдету шаралары орын алатын болып онда азаматтар өз көлік құралдарын пайдалануы мүмкін болады.