English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 15 адамға жетті
15:05 / 2020-03-18

Өзбекстанда алғашқы коронавирус жұқтырғандық жағдайы 15 наурызда тіркелген


Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің мәліметінше Өзбекстанда тағы екі азаматтан коронавирус індеті анықталған.

Олардың бірі Түркиядан келген азаматтың жұбайы болса, екіншісі осы күні Лондоннан келген тағы бір өзбекстандық азаматтың тапсырған медициналық сараптамасынан вирус белгілері анықталған.

Қазіргі уақытта науқастардың саны жалпы 15-ке жетіп, олардың ахуалы қанағаттанарлық жағдайда екендігі айтылды. Дәрігерлер вирус жұқтырған жандарды белгіленген тәртіпте емдеуді жалғастыруда.

Өзбекстанда алғашқы коронавирус жұқтырғандық жағдайы 15 наурызда тіркелген. Ел аумағына осы індеттің кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған:

Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (6 адам)

Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген (3 адам)

Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (5 адам)

✅ Төртінші
– 17 наурызда Дубай - Ташкент рейсі арқылы (1 адам)