Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырған жандар саны 8 адамға жетті

Өзбекстанда алғашқы коронавирус жұқтырған әйел азамат 11 наурызда Парижден ұшып келген
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы дерегі бойынша Өзбекстандағы «Covid-19» коронавирусын жұқтырған жандар 8 адамға жетті.
Осыған дейін алты азаматта анықталған коронавирусты тағы екі өзбекстандық азамат жұқтырғаны белгілі болды. Оның бірі ең алғашқы коронавирусты жұқтырған әйел азаматтың тусықаны болса, екіншісі 14 наурызда Лондон-Ташкент бағытында ұшып келген Өзбекстан азаматынан анықталған.
Қазіргі кезде дәрігерлер мен мамандардың белгілеген тәртібіне орай осы жандармен жақын қатынаста болған жандарды іздестіру мен эпидемиялық сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.