Өзбекстанда дизель отынын өндіру көлемі екі есеге артты

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Өзбекстандағы ірі кәсіпорындар тарапынан жалпы 539,4 мың тонна дизель отыны өндірілді.
Статистика агенттігінің мәліметінше, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскенін көрсетеді.
2023 жылдың маусым айында Өзбекстанда ірі кәсіпорындар 35 100 тонна дизельдік отын өндірді.
Сондай-ақ, республикада биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында ірі кәсіпорындарда 391 мың 300 тонна мұнай өндірілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға өскен.