Өзбекстанда биылғы тест сынақтары ашық алаңдар мен алеяларда өтуі мүмкін

Өзбекстанда 2021/2022 жылғы оқу жылына ЖОО-ға оқуға қабылдау тест сынақтары алаңдар мен алеяларда өтуі мүмкін.
Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде 2021/2022 оқу жылына арналған бакалавриатқа қабылдау емтихандарын қай форматта өткізі жайлы брифинг өтті.
Онда Мемлекеттік тест орталығы елдегі жағдайға байланысты екі сценарийді қарастырып жатқанын мәлімдеді.
- Тест сынақтарын дәстүрлі түрде үлкен ғимараттарда өткізу;
- Пандемия жағдайында 2020 жылдағы сынды яғни ашық алаңды жерлерде өткізу.
Осы мақсатта емтихан алаңдары таңдалып, жоспар дайындалды. 50460 талапкерге арналған үлкен сыйымдылықтағы 103 жабық ғимарат, 60570 талапкерге арналған 66 стадион мен аллеялар қарастырылған.