Өзбекстанда бензин өндіру көлемі 1 миллион тоннадан асты

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Өзбекстанда бензин өндіру көлемі 1 миллион тоннадан асты.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда автокөлік бензинін өндіру көлемі 9,4 пайызға өсті.
2022 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру көлемі:
- автокөлік бензині – 1008,6 мың тонна;
- көмір – 4,4 млн тонна;
- мұнай – 656,2 мың тонна;
- газ конденсаты – 1,1 млн тонна;
- автобус – 971 дана;
- жүк көліктері – 3 253 дана;
- автокөлік қозғалтқышы – 189 558 дана.