
Мемлекет басшысы «Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» ӨР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Әділет министрлігінің «Құқықтық ақпарат» арнасында «сәйкестендіру ID - куәлігі» ұғымы енгізілгені хабарланды.
Заңдағы түзетуге сәйкес Өзбекстанда 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген және бұрын шетел азаматы болмаған адам, өз еркімен қалайтын болса, Өзбекстан азаматы болып танылады.
Сондай-ақ, ата-аналарының бірі (жалғыз әкесі немесе шешесі) Өзбекстан азаматы болып, шетелдік азаматтығын алмаған және Өзбекстанда тұратын бала өзіне қажет деп білсе, Өзбекстанның азаматы болып танылады.
Заңға сәйкес, Өзбекстан азаматы деп танылу үшін фактілерді растайтын құжаттар болмаған жағдайда, өтініш беруші бұл фактілерді сот тәртібі бойынша анықтай алады.
Бұдан бөлек, Өзбекстан аумағында туған және осында өмір сүретін азаматтығы жоқ адамдар Өзбекстанның азаматтығын алуға өтініш берген мерзімге дейін 5 жыл бойы (азаматтығы жоқ адамға тұруға ықтияр хат алған күннен бастап) шартсыз тұру шарты тоқтатылады.
Атаулы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.