English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстанда «Aviation Academy» ұшқыштарды даярлау орталығы ашылуы мүмкін
14:56 / 2020-09-09

Өзбекстанда «Aviation Academy» халықаралық стандарттарына сай ұшқыштарды даярлау орталығы ашылуы мүмкін


Өзбекстанда «Aviation Academy» халықаралық стандарттарына сай ұшқыштарды даярлау орталығы ашылуы мүмкін.

8 қыркүйекте Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков Малайзия премьер-министрінің бірінші орынбасары - халықаралық сауда және индустрия министрі Мұхаммед Азмин Алимен бейне байланыс арқылы кеңес өткізді.

Онда, екі ел арасында химиялық өнеркәсіп, білім беру, ақпараттық технологиялар және тамақ өнеркәсібіне инвестиция салуда ынтымақтастықтың үлкен перспективалары талқыланып, Өзбекстанда бірнеше Малайзия банктерінің филиалдарын ашу және экспортқа бағытталған жобаларды қаржыландыру мен елдегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша банкаралық ынтымақтастықты құру арқылы банк-қаржы саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуеті сөз болды.

Бұдан бөлек, көлік, логистика және туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктері бар екендігі мен осыған байланысты тараптар халықаралық әуе тасымалын ұйымдастыру, логистикалық хаб құру, сондай-ақ Өзбекстанда «Aviation Academy» халықаралық стандарттарына сәйкес пилоттық оқу орталығын ашу шараларын талқыланған.